Түркістан облысында «таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өтті. Оған балық инспекция бөлімінің қызметкерлері және Шардара аудандық шекара бөлімінің мамандары қатысты. Олар Шардара су қоймасында тазарту жұмыстарын жүргізіп, айдынды тастанды аулардан тазартты. Акция барысында жалпы ұзындығы 500 келіге жуық түрлі қоқыстар жиналып, шығарылды.