Түркістан
EN

Словения президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

37
31.03.2025

Ақордада Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекет басшылары келіссөз залына барды.