Ресейде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық азамат экстрадицияланды. Аталған азамат жалған фирма құрып, контрагентке тау шайыры жеткізіп беремін деп ұсыныс жасаған. Солайша кәсіпкерден 50 млн теңге алған ол дереу ізін суытқан. Халықаралық іздеу жарияланған ол Орлов облысында қолға түсті. Қазақстанға қайтарылған оны мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.