Неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешіп, тығырыққа тап болғандарды қолдау. Солайша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Аталған мақсатта елімізде 2022 жылдан бастап отбасын қолдау орталықтары ашыла бастады. Соның ішінде Түркістан облысының 17 қала-ауданы да бар. Аталған мекемелер жыл басынан бері 724 отбасыға көмек қолын созған. Орталық азаматтарға құқықтық-психологиялық көмек көрсетіп, олардың жұмысқа орналасуына жәрдем береді.