Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары барысында түсті жоғарғы металлургия колледжінде болды. Премьер-министр өңір өнеркәсібінде сұранысқа ие болашақ мамандардың дағдыларымен танысты. Айта кетейік, облыста кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту шеңберінде «Жаңа кәсіптер атласы» енгізіліп жатыр. Сондай-ақ «Колледждер альянсы» құрылуда. Үкімет басшысы білім министрлігіне өзге де өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы тәжірибені енгізуді тапсырды. Айта кетсем, президенттің тапсырмасына сәйкес, жастардың жұмысшы мамандығына деген ынтасын арттыру үшін кешенді шаралар іске асырылуда. Үкімет өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы жұмысшы мамандарына бағытталған «Наурыз жұмыскер» жаңа ипотекалық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама негізінде 72 млрд теңгеге 2 440 қарыз беріледі.