Ата-баба мұрасының мұртын бұзбай жүрген шаһар шеберлерінің бұйымдары әлемге танылмақ. Жуырда Түркістан қаласы «Қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болды. Бұл мәртебе шаһар қолөнершілерінің дамуына, жағдайының жақсаруына ерекше ден қоюды талап етіп отыр. Алдағы уақытта «Ерекше мәртебе» статусы аясында қолөнершілердің шығындарының 25% субсидияланатын болады. Сондай-ақ сәуір айында «Қолөнершілер қалашығын» пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған нысан көрме залы, саябақ, шығыс базары, мейрамханалар мен қонақ үйі бар алып орталыққа айналмақ.