Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті

134
27.03.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш жұртымен кездесу барысында халықтың бірқатар мәселелерін қарады. Айталық, аудандағы  елдімекендерде медициналық нысандар тапшы көрінеді. Бар болса да, көптен бері жөндеу көрмепті. Ал, аудан орталығына қатынау оңай емес. Осылай шағымданған тұрғындар облыс әкіміне бұл мәселені көп ұзамай шешіп беруді сұрады.