Түркістан
EN

1,6 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды

63
27.03.2025

Білім саласындағы былыққа үкім шықты. Талдықорған қаласы Сарқан ауданы білім бөлімінің есепшісі 8 жылға сотталды. Сондай-ақ аудандық «Қазпошта» мекемесі, учаске басшысы 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар әріптестерінің шотына жалақыдан артық ақша аударып, 1 млрд 600 млн теңге жымқырған. Бюджет қаражатын ұрлағандар арасында аудандық балабақша меңгерушісі мен  облыстық ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы да бар. Сот олардың біріне 1,2 млн теңге, екіншісіне 1 млн теңге айыппұл салды. Сотталғандар енді өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторларға жолай алмайды. Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.