Түркістан
EN

Полицейлер мейрам күндері камера арқылы 1000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады

70
27.03.2025

Түркістандық полицейлер мейрам күндері камера арқылы 1000-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Нақтырақ айтсақ наурыздың 20-25 күндері аралығында «102» арнасына 1078 хабарлама түскен. Құқық бұзушылықтардың 80 пайызы жол ережесін бұзуға, 20 пайызы қоғамдық орындардағы заң бұзушылықтарға қатысты тіркелген. Тәртіп сақшылары 102 автокөлікті айыптұраққа қойып, 2 қылмыстың ізін суытпай ашты.