«Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан қаңтарда қамалған азаматтың көбісінің іздеушісі жоқ екенін мәлімдеді. Мәселен бір күнде 10-15 адам босатылса, әрбір үшінші адамның сұраушысы жоқ. Осының салдарынан, ұсталғандар қорғаушы түгілі қолдаушыға зар болғанын жеткізді. Ал қазіргі таңда, қаңтар оқиғасына байланысты елімізде 800-дей адам қамауда отыр.