Түркістан облысына биыл арендалық пәтер сатып алуға 7,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 578 пәтер алу жоспарланып отыр. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен тұрғындарды баспанамен қамту, өңірде тұрғын үйлер салу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімі жауапты басшыларға тұрғын үй құрылысы саласын тиянақты зерделеп, жұмысты сапалы атқаруды тапсырды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұлдың айтуынша, былтыр 47,8 млрд теңгеге 2590 арендалық пәтер сатып алынған.