Келес ауданында осы жылы 5 ірі жоба инвесторлар есебінен іске аспақ. Оның бірі көптен күткен ауқымды жылыжай кешені. Оған қоса қонақ үй құрылысы басталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Келес жұртымен кездесуінде белгілі болды. Халықпен жүздесудегі маңызды мәселелерді тілшіміз толықтырады.