Жасырын мемлекеттік қызметтер ашықтыққа кедергі. Яғни, бұған себеп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылап, анықтайтын қызметтің ашық тізімде болмауы. Жауаптылар бірнеше жылдан бері осындай қызметтерді анықтап, құзыретті органдарға жолдау арқылы аталған тізілімге енгізіліп келеді. Мәселен, өткен жылы Түлкібас ауданында жасырын қызметтің 1 дерегі тіркелген. Осындай олқылықтың орнын толтыру үшін мамандарға құқықтық оқыту өткізілді. Онда облысқа қарасты 17 аудан қаланың қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.