Жанарым – менің жүрегім. Түркістан облысында осындай ерекше кеш өтті. Шараға «қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Көзі көрмесе де, ән-жырды жүрегімен сезінетін олар көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады. Ондағы басты мақсат – зағип жандардың қоғамнан шет қалмауына ықпал ету, әрі өмірге деген құлшынысын ояту,-дейді ұйымдастырушылар.