Түркістан
EN

Шардарада газ жарылысынан екі адам аман қалды

79
26.03.2025

Түркістан облысында газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарлауынша ауруханаға жеткізілген 3 науқастың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмған. Тағы екі адам хирургия бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайлары тұрақты. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.