Арыс қаласында 70 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Жаңа тұрғын үй кешені баспаналар Отырар шағын ауданында бой көтеріп, заманауи талаптарға сай салынған. Қала әкімі халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарды баспанамен қамтамассыз ету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Арыс қаласы бойынша бүгінде 2500-ге жуық азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Қазіргі таңда, қалаға кіре беріс шағын ауданында жаңадан 60 пәтерлі 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы жүргіп жатыр.