Сарағаштағы жекеменшік балабақша жабық тұрса да, «жұмыс істеп жатырмыз» деп мемлекеттен ай сайын қаржы алып келген. Себебі арнайы тексеру кезінде жалған нысандардан 123 мекеме анықталған. Нәтижесінде, кемшілікті көп жіберген 4 ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшылары қызметінен босатылды. Басқарманың осы салаға жауапты меңгерушісі қатаң сөгіс алды.