Түркістан
EN

Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады

60
26.03.2025

 Ақмола облысының 10 ауылында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысандар салынады. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.