Елімізде қоқысты қайта өңдеу кәсіпорындарына биыл 9,2 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл туралы экология министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша қалдықтардың жиналған және қайта өңделген әр тоннасы үшін 71 мың теңге төленеді. Дегенмен, министрліктің жұмысына Үкімет басшысы көңілі толмайтынын жеткізді. Олжас Бектеновтің айтуынша қоқыс полигондарын реттеу бойынша жұмыс тым баяу. Сондай-ақ экология министрлігі ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмай отыр.