Түркістанда 348 отбасы қоныс тойын тойлады

166
20.03.2025 21:14

Наурыз мейрамы қарсаңында кезекте тұрған 348 түркістандық баспаналы болды. Пәтерлердің 168-і көпбалалы отбасыға, 180-і әлеуметтік әлсіз топ санатындағы азаматтарға табыс етілді. Оларға кілтті Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өзі берді. Рамазан айымен тұспа-тұс келген Наурыз мейрамы осылайша игі істерге ұласты. Айта кетсек, 2018-2024 жылдар аралағында киелі шаһарда 3,5 мыңнан астам адам арендалық баспанамен қамтылған. Толығырақ тілші материалынан көріңіз!