Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Яғни, бұл күн халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптуге арналмақ. Осыған орай, Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында спартакиада өтті.