Түркістан
EN

Шығармашылық кеш өтті

196
20.03.2025

 Түркістанда ақын, аудармашы Гүлнар Өмірбектің 65 жылдық мерейтойына арналған «Ақын жүрек, сезім жүрек, сағыныш» атты шығармашылық кеш өтті. Мәдени кеште оның "Ақәділ әлем" атты кітабының тұсауы кесілді. Кеш барысында Гүлнар Өмірбектің шығармашылығы кеңінен сөз болды. Ақынның сезімге толы сырлы жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Шара соңында ақын кітабының бірнеше данасын кітапхана қорына сыйға тартты. Аталған кеш, ақынның шығармашылық мұрасын насихаттап қана қоймай, жыр сүйер қауымға рухани азық сыйлады.