Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен танылған қазақтың батырлары аз емес. Соның ішіндегі бірі де бірегейі - Бауыржан Момышұлы. Астанада батырдың 115 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті. Онда даңқты қолбасшының жеке күнделігі, соғыс кезіндегі қолданған жеке картасы, фото-суреттері, қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылар қойылды. Іс-шараға Қорғаныс, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің өкілдері, Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, студенттер мен оқушылар қатысты.