Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды. Алматы қалалық соты оларға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдіктілердің заң бұзушылығы дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.