Биыл Шардара ауданында үш бірдей зауыт ашылмақ. Олар - Казкрахмал зауыты, күріш және балық өндіру кәсіпорындары. Бұл жайында Түркістан облысы әкімінің Шардара жұртымен кездесуінде белгілі болды. Халықпен өткен жүздесуде өңірдің даму барысы, орындалмаған жоспарлар жіпке тізіліп, тұрғындар толғандырған сауалдарын қойды. Ауданда қандай жақсы жаңалықтар мен өзекті мәселелер бар екен? Бұл жайлы дәл осы кездесуге қатысқан тілші репортажында.