«Жаңа, Әділетті Қазақстан – қол жетпес арман емес». Мәжілісте «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру жайында баяндама жасаған палата төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Мәжіліс спикерінің айтуынша, елде 30 жыл бойы суперпрезиденттік жүйе болып, үш жыл бұрын оның сеңі бұзылған. Қошанов президенттің пәрменімен елде көптеген реформалар жүргізіліп, әділ сайлаудың арқасында парламент жасақталып, елге активтерді қайтару жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.