Елордамыз Астанада 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін билеп, рекорд орнатты. Флешмоб QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде өтіп, «Науразнама» онкүндігіне арналды. Шараның финалы нағыз мерекеге айналды. Оқушыларға көпшілік қосылып, бірге қызғалдақ гүліне ұқсас тірі өрнек жасады.