Түркістан
EN

Мопедтерді 5 сәуірге дейін тіркеу керек

22
19.03.2025

 5 сәуірге дейін мопедіңізді тіркемесеңіз, айыппұл арқалайсыз! ҚР ІІМ халыққа осындай ескерту жасап отыр. Еске салсақ, өткен жылдың қазан айында жол қозғалысы туралы заңға өзгерістер енгізілген болатын. Түзетулерге сәйкес, мопедтер енді механикалық көлік құралы санатына енеді. Бұған жыл санап елімізде мопедтердің жол-көлік апаттарына жиі ұшырауы себеп болып отыр. Мәселен, бүгін Алматыда 16 жастағы мопед жүргізушісі жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алды.