Бүгін Түркістанда туристік маусым ашылады. Осыған орай Керуен сарай кешенінде 2,5 тонна наурыз көже пісіріледі. Осылайша, Тұран жұрты рекорд орнатпақ. Қазір 10 аспаз көже пісіруді бастап кетті. Оған 15 қазан, 250 келі ет, қап-қап дәнді дақылдар дайындалған. Бір қызығы – биыл Наурыз көжеге ерекше дәм қосылмақ. Ал оның не екені әзірге - құпия.