Бүгінде 143 мыңан астам адам креативті индустрия саласында еңбек етеді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта біршама өсуі мүмкін. Өйткені саланы дамытуға көңіл бөлініп отыр. Бұл туралы Үкіметте өткен отырыста айтылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, креативті индустрияның ел экономикасындағы үлесін 2 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Ол үшін салаға бөлінетін қаржыны ұлғайтып, жан- жақты дамыту және оның экспортын арттыру көзделуде. Тағы бір мәселе, бүгінде креативті индустрия субъектілерінің 50 пайызы Астана мен Алматыда орналасқан. Сондықтан оны басқа да өңірлерде дамыту көзделіп отыр.