Көпшілік қаңтар оқиғасында тұтқындалған туыстарын тапба алмай жатыр. Себебі прокуратураға осыған қатысты 258 арыз-шағым келіп түскен. Қоғам дүрліккен осы мәселе мәжіліс отырысында қаралды. Ал бас прокурор заң бойынша тәркіленген немесе қандайда бір күдікпен ұсталған адамның мәліметі міндетті түрде туыстарына берілуі тиіс екенін айтады.