Түркістан
EN

Конго-Қырым қызбасының алдын алу

64
18.03.2025

 Былтыр 1416 адамды кене шағып, медициналық ұйымдарға қаралған. Оның ішінде 11 науқасқа конго-қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы қойылған. Мәселен, Шардарада 4, Сауранда 3, Отырар ауданында 2, Ордабасы мен Бәйдібек аудандарында 1 жағдай тіркелген. Науқастардың басым бөлігі мал күтімімен айналысқан. Жұқтыру мақсатын анықтау кезінде эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, қоражайлардан 3468 кене жиналып, 184нен аталған аурудың қоздырғышы анықталған. Сондықтан жауаптылар төрт түлік пен қоражайларға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.