Бүгін, 18 наурыз - Наурызнама онкүндігі аясында "Ұлттық киім күні" . Осыған орай, Түркістанда ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі өтті. "Ұлттық киім - ұлттық бренд" деп аталатын шарада этно стилдегі сән көрсетілімі көпшілікке ұсынылды. Мұндағы мақсат – ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлерді күнделікті тұрмысқа енгізу.