Түркістан
EN

Ұлттық ұландағы ұлттық нақыштар

23
18.03.2025

Шеврондар, погондар мен жапсырмалар — Бұл қарулы күштердегі әскери киім үлгілерінің айырым белгілері. Алайда, құқықтық тәртіп әскерінің формасында қазақ халқының мәдени коды — ұлттық ою-өрнектердің  элементтері бар екенін көпшілік біле бермейді. Мәселен, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жапсырмаларында ата-тегіміз мекен еткен киіз үйдің дәстүрлі символы — шаңырақ бейнеленген. Сондай-ақ әскери киімде көнеден ерекше мән-мағынаға ие қазақы ою-өрнектер де көрініс табады. Ұлттық орнаменттерді қатардағы жауынгерден генералға дейінгі әскерилер киетін кеңсе және күнделікті формадағы погондардан да байқауға болады.  Ал "Қошқар мүйіз" дәстүрлі өрнектері қолданылған Құрмет қарауыл ротасының формасы ерекше назарға ие.