Түркістан
EN

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр

23
18.03.2025

 Түркістан облысында 500 млн. теңгеге дейінгі шағын және орта бизнес жобалары қолға алынбақ. Оның 26 пайызы өндіріске, қалған бөлігі ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу, туризм және қызмет көрсету, сауда салаларына бағытталады. Мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды. Мәжілісте аймақ басшысы кәсіпкерлік бағытында жүйелі жұмыс жүргізу керектігін айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Айта кетсек, бүгінде 210 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркеліп, Түркістан облысы Астана, Алматы қалаларынан кейінгі 3-ші орында тұр.