Наурыз мерекесі қарсаңында Қазығұрт ауданында ағаш отырғызу науқаны басталды. Өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған игі бастама барлық елдімекенде қолға алынған. Көгалдандыру жұмыстарына ауыл жастары, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен бөлек зейнеткерлер де қатысып жатыр.