Он күндік наурызнамаға сай бүгін – Мәдениет және Ұлттық салт-дәстүр күні! Атаулы датада халқымыздың әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары мен өнері кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, еліміздің мәдени байлығы мен ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтары дәріптеледі. Айта кетейік, Түркістан облысында наурыз мейрамы ерекше тойланады. Мәселен, биыл өңірде 2.5 тонна наурыз көже дайындалады.