Түркістан
EN

Көрісу күнінде 110 жастағы әжемен жүздесті

202
14.03.2025

Көрісу күнінде Ақтөбе облысының әкімі 110 жастағы әжеймен жүздесті. Жәкібай Бисенғалиева 1915 жылы дүниеге келген. Ол 1915 жылы дүниеге келген. Ұзақ жыл қазіргі Хромтау ауданында тұрған. Еңбек жолын қамбада астықты таразылаудан бастап, тракторды тізгіндеуді де жетік меңгерген. Кітапханашы, сауыншы болып жұмыс істеген. Сұрапыл соғыс жылдарында еш қиындыққа қарамастан, майданға көмектесу үшін жұмысын тастаған жоқ. Үш немересі мен жеті шөбересі бар. Асхат Шахаров кейуана мен оның отбасын Көрісу күні мерекесімен құттықтады. Әкіммен жүздескен ақжаулықты әжей ағынан жарылып, әңгімесін айтып, батасын берді