Түркістан
EN

«Достық көпірі» форумы өтті

181
14.03.2025

Түркістанда «Достық көпірі» форумы өтті.  Бұл қазақ – өзбек жастарын қолдау мен арадағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Шарада екі ел  арасындағы кәсіпкерлік, білім және мәдениет саласындағы жаңа мүмкіндіктер қарастырылды. Сондай-ақ, жиылған жастар өзара тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды талқылады. Айта кетейік, Өзбекстаннан арнайы келген делегация Түркістанның тарихи-мәдени мұрасымен толық танысады.