Түркістан
EN

Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы

94
14.03.2025

 Былтыр қазақстандық ұлттық бітімгерлік контингент Біріккен Ұлттар Ұйымының Бөлінуді бақылау күштері құрамындағы міндеттерді орындау үшін Голан жоталарына аттанған еді. Бұл миссия ел бітімгерлерінің алғашқы дербес операциясы болды. Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Сириядағы қызмет барысында қазақстандық контингент 557 тапсырманы орындаған. Оның 458-і патрульдік міндет. Жалпы Голан жоталарында 139 әскери қызметші қызмет етеді