Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл наурыз мерекесінің бастауы екенін айтып, Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз екеніне тоқталды. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін деді президент.