Түркістан облысында салықтан 775 миллиард теңге салық түскен. Бұл өңір экономикасының өсіп, кәсіпкерліктің дамып жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту және халықтың әл-ауқатын көтеру үшін маңызды ресурс болып табылады. Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті көлеңкелі бизнеспен күресті күшейтті. Нәтижесінде кедендік бақылау қызметі 2024 жылы заңсыз есірткі заттарын алып өтудің 69 фактісі, сондай-ақ мұнай өнімдерн заңсыз әкетудің 259 фактісі анықталған. Ол бойынша 12 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 6,78 бензин, 35, 8 тонна дизель отыны тәркіленген.