«ДАРБАЗА-МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛЫ 2026 жылы ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ. ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Исаның депутаттық сауалына осылай жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе өткен 2024 жылдың 23 желтоқсанда Үкімет сағатында қозғалған болатын. Сонда Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаевқа депутаттар өз сауалдарын жолдады. Үш сағаттық басқосу барысында үлгермеген сұрақтарға министр оларға кезі келгенде міндетті түрде жауап беретінін айтқан болатын. Міне, солардың қатарында Жетісай, Мақтарал және Шардара аудандарындағы 500 мыңға жуық халықтың күтіп отырған күрделі мәселе қойылған. "Дарбаза – Мақтаарал" теміржолы келесі жылы нақты іске қосылатыны белгілі болды.