Түркістан
EN

Шардара су қоймасы 90 пайызға толған

151
13.03.2025

Шардара су қоймасы 90 пайызға толған. Қазір онда 4 млрд 669 млн текше метр су жиналған. Дегенмен нысанда тәулік бойы кезекшілік орнатылып, жағдай тұрақты бақылауға алынған. Өңірде жалпы 20 өзен, 42 су қойма бар. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзінше, бүгінде көктемгі су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Тәуліктік кезекшілік штаб жұмыс істеп тұр. Облыстағы 491 шақырым арық, 654 шақырым канал тазалаудан өткізілген. Бұдан бөлек, су тасқыны кезеңіне 129 мың қап құм мен инертті материалдар дайындалған.