Түркістан
EN

Су тасқынының алдын-алу жұмыстары жүріп жатыр

116
13.03.2025

Наурыз, сәуір айларында күн райы жылы болып, жауын – шашын болуы мүмкін. Бұл бірнеше өңірдегі су тасқыны қаупін арттырады. Қазіргі таңда қауіптілігі жоғары аймақтар қатарында Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары сондай ақ, Ұлытау мен Абай облыстары бар. Қазір бұл аймақтарда қар тазалау,  жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Целиноград ауданының Талапкер ауылындаҰлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Олар жағалауды бекіту үшін 1300-ден астам инертті материал салынған қап дайындаған. Жалпы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда.