Орал көшелерін қызыл су басты. Күннің күрт жылынуынан қалың қар еріп, автожолдарды су шайып кетті. Қаладағы екі шағын аудан арасындағы байланыс үзіліп, көлік қатынасы тоқтаған. Қазіргі таңда Сарыарқа мөлтек ауданында су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті төтенше жағдайлар департаменті жағдай бақылауда екенін айтып отыр.