Жетісу облысында шенеунік жарты миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Антикордың мәліметінше, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» басшысынан 500 мың теңге алған. Қазір тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.