«Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі сот шешімімен жабылды. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қорды мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады. Сотқа Әділет департаменті шағымданған. Заңды тұлға, яғни атышулы Перизат Қайрат 2021 жылы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен. Қылмыстық істі тергеу барысында құрылтай құжатына 10 құрылтайшының 9-ның қолын экс-еріктінің өзі қойғаны анықталды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ