Түркістан облысында жер сілкінді. Бұл туралы Ұлттық сейсмология институты мәлімдеді. Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында болғаны анықталды. Ал қуаты үш баллдық зілзаланы Келес ауданы Абай ауылының және Сарыағаш ауданының тұрғындары сезген. Зардап шеккендер мен үйлер бүлінгені туралы ақпарат түскен жоқ.