Түркістан
EN

Активтерді қайтару: Астанадағы жаңа стадион құрылысына 17 млрд қаржы бөлінді

20
12.03.2025

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов стадионы қайта салынатын болды. Ол үшін арнаулы мемлекеттік қордан 17 млрд теңге қаржы бөлінеді.  Бұл қаражат жемқорлардың шетелдерде заңсыз шығарған активінен алынып отыр. Айта кетейік, орталық стадион 1936 жылы салынған. Бұған дейін ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бұзылған еді. Ал, жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда. 3598 орынға шақталған нысан №8 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілмек.